Дәнекерлеуге арналған сым
Дәнекерлеу сымы (ГОСТ 2246-70)
Төмен көміртек құрамды Св-08, Св-08А және қоспаланған Св-08ГС, Св-08Г2С болатынан жасалған дәнекерлеу сымы
Сыртқы жабынына қарай мысталған және мысталмаған сым түрлері өндіріледі. Мыс жаппасы - 6 мкм. Сымның беті таза және тегіс болу керек, ешқандай жарылымсыз, қабыршақсыз, сынықсыз, татсыз, майсыз және басқа да ластанусыз болу керек. Ондай кемшіліктер болғанның өзінде сызаттар мен қабыршақтар диаметрлік ауытқудан аспау керек.
Дәнекерлеу сымының химиялық құрамы, % (ГОСТ 2246-70)
Болат маркасы |
Св08 |
Св08А |
Св08Г2С |
P |
0,10 |
0,10 |
0,03 |
Mn |
0,35-0,60 |
0,35-0,60 |
1,80-2,10 |
Si max |
0,03 |
0,03 |
0,7-0,95 |
P max |
0,04 |
0,03 |
0,03 |
S max |
0,04 |
0,03 |
0,025 |
Cr max |
0,15 |
0,12 |
0,20 |
Ni max |
0,30 |
0,25 |
0,25 |
Cu max |
0,25 |
0,25 |
0,20 |
Қолданылуы
Св-08, Св-08А, Св-08АА - аққыштық шегі 235-285 МПа көміртекті болатты автоматты дәнекерлеу. Төмен-көміртекті және төмен-қоспаланған болатты дәнекерлеуге арналған электродтар жасау үшін қолданылады.
Св-08Г1НМА – Жоғарғы деңгейлі беркітік пен суыққа төзімді төмен-қоспаланған болатты автоматты дәнекерлеу. Қалыңдығы 25 мм-ге дейінгі әртүрлі типті қоспаланған және әртүрлі беркітіктегі (К55-К65) болатты бір немесе екі жақты дәнекерлеу үшін қолданылады.
Св-08Г2С – жауапкершілігі жоғары және жалпы қолданысқа арналған конструкцияларды қорғанысты газбен механикаландырылған дәнекерлеу.
Св-08ГА – аққыштық шегі 235-440 МПа көміртекті болатты автоматты дәнекерлеу (жоғары қысым мен температураға төзімді көпір конструкциялары, тіреулер, тұрбалар, құбырлар мен қазандықтар).
Св-08ГСНТ – кеме жасау және химия өнеркәсібінде қолданылатын қорғанысты газбен механикаландырылған дәнекерлеу.
Св-08ХМ – мұнайгаз құбырлары мен маңызды металл конструкциялары үшін аққыштық шегі 235-440 МПа көміртекті және төмен-қоспаланған болатты автоматты дәнекерлеу (жоғары қысым мен температураға төзімді көпір конструкциялары, тіреулер, тұрбалар, құбырлар мен қазандықтар)
Св-10Г2 - аққыштық шегі 235-440 МПа көміртекті болатты автоматты дәнекерлеу.
Св-10ГА - аққыштық шегі 235-440 МПа көміртекті және төмен-қоспаланған болатты автоматты дәнекерлеу.
Св-ЮГН – кеме жасау және машина жасау химиясында қолданылатын механикаландырылған дәнекерлеу
Св-10НМА – жоғарғы деңгейлі беріктіктегі және суыққа төзімді маңызды металл конструкцияларына арналған төмен-қоспаланған автоматты дәнекерлеу (жоғары қысым мен температурада жұмыс жасайтын көпір конструкциялары, тіреулер, тұрбалар, құбырлар мен қазандықтар)
Төмен көміртекті |
Қоспаланған |
Жоғары қоспаланған |
СВ-08 |
СВ-08ГС |
СВ-12Х11НМФ |