Скачать прайс-лист

График работ: 9:00 - 18:00

work-schedule

uz

Болат анықтамасы

Болат деп, темірдің көміртекпен қорытпасын (2% дейін) атайды.
Химиялық құрамына байланысты болатты көміртекті және қоспаланған деп бөледі.
Ал сапасына қарай - қарапайым сапалы, сапалы, көтеріңкі сапалы және жоғары сапалыға бөледі.

А – азот
Ю – алюминий
Р – бор
Ф – ванадий
В – вольфрам
К – кобальт
С – кремний
Г – марганец
Д – мыс

М – молибден
Н – никель
Б – ниобий
Е – селен
Т – титан
У – көміртек
П – фосфор
Х – хром
Ц – цирконий


Қоспалаушы элементтердің ықпалы:

Никель

болаттың коррозияға төзімділігін, жоғары беріктік пен иілгіштігін арттырады, қыздырушылығын күшейтеді, соққығы қарсы кедергісін көтереді.

Вольфрам

болат құрамында өте қатты қосылыс – карбид түзеді, беріктік пен нығыздық қасиеттілігін арттырады. Вольфрам қыздыру кезіндегі түйіршіктердің көбеюіне кедергі жасап, морт сынғыштықтан қорғайды.

Ванадий

қаттылығы мен беріктігі жоғарылайды, түйіршігін ұсақтатады. Болаттың тығыздығын арттырады.

Кремний

құрамы 1 % артық болған жағдайда болаттың қасиеттеріне ерекше әсер береді: 1-1.5% Si жабысқақтығын сақтай отырып, беріктікті арттырады. Кремний құрамын арттырса, электр кедергілігі және магнит әсерлігі күшейеді. Сонымен қатар, кремний серпімділік пен калийленуді арттырады.

Марганец

құрамы 1% жоғары болғанда болаттың қаттылығы, тозуға төтеп беруі күшейеді, соққығы төзу ауыртпалығы иілгіштігіне әсер етпей артады.

Кобальт

қызуға төзімдігі мен магниттік қасиеттерін арттырады, соққыға қарсы кедергіні үлкейтеді.

Молибден

беріктігін, серіпімділігін, созылу беріктілігнің шегін арттырады, коррозияға қарсылық және жоғары температурада қышқылдануға қарсылығы күшейеді.

Титан

болаттың беріктігі мен тығыздығын арттырады, үтйіршектендіреді, өңделу тиімділігі және коррозияға қарсылығы күшейеді.

Ниобий

дәнекерленген конструкциялардың қышқылдану мен коррозиялануға қарсылық мүмкіндіктерін арттырады.

Алюминий

қызуға төзімділік пен калийленуді жоғарылатады.

М ыс

коррозияға қарсылық қасиетін арттырады.

Церий

беріктік пен иілгіштік қасиеттерін арттырады.

Цирконий

қажетті мөлшердегі түйіршікті болат алуға жағдай жасайды.

Лантан, церий, неодим

көпіршіктену мен болат құрамындағы күкірттің көлемін азайтады, жазық бетінің сапасын жақсартады, түйіршіктерді ұсақтайды.

Қоспаланған болатты қоспалану деңгейіне қарай түрлері: төмен-қоспаланған (қоспа элементтері 2,5% дейін), орташа-қоспаланған (2,5%-тен 10% дейін), жоғары-қоспаланған (10%-тен 50% дейін). Жоғары-қоспаланғанға жататындары:

  • коррозияға төзімді (таттанбайтын) болат пен қорытпа,электрохимиялық және химиялық, аралық кристаллитті, кернеулік және басқа да коррозияларға қарсы тұратын қасиетке ие;
  • ыстыққа төзімді (калиленбейтін) болат пен қорытпа, температурасы 50°С –тен жоғары газдалған ортада химиялық ыдырауға төзімді, қалыпты жағдайдағы;
  • ыстыққа берік болат пен қорытпа, ұзақ мерзім бойы ыстыққа төзімділікпен жоғары температурада жұмыс жасауға беімделген.

 

 

Болат маркалары

 

Қарапайым сапалы көміртекті болат ГОСТ 380-94.

 

Қолдану аймағы.

Қарапайым сапалы көміртекті болат ыстық жаймаланған өнімдер үшін: сорттық, фасондық, қалыңбетті, жұқабетті, кеңқуысты және суық жаймаланған жұқабетті, сонымен қатар қорытпа, блюм, сляб, сутунка, құбыр, қалып пен штамп, лента, сым, метиз, т.б. бұйымдар жасау.

 

Классификациясы.

Қарапайым сапалы көміртекті болаттың маркалары: Ст0, Ст1кп, Ст1пс, Ст1сп, Ст2кп, Ст2пс, Ст2сп, Ст3кп, Ст3пс, Ст3сп, Ст3Гпс, Ст3Гсп,Ст4кп,Ст4пс, Ст4сп, Ст5пс, Ст5сп, Ст5Гпс, Ст6пс, Ст6сп.

 

Ст әріптерімен болатты белгілейді.

0,1,2,3,4,5,6 цифрлары – марканың химиялық құрамына байланысты нөмірі. Нөмірдің өсуіне байланысты құрамындағы көміртек пен уақытқа сәйкесті кедергісінің артуы анықталады.

 

Цифрдан кейінгі әріптер болаттың қышқылдануын көрсентеді: КП – қайнау кезі; ПС – жартылай тынық; СП – тынық.

 

Көміртекті сапалы конструкциялы болат ГОСТ 1050-88.

 

Жалпы техникалық шарттары .

 

Қолдану аймағы .

Бұл стандарт ыстық жаймаланған және қақталған жаймалардың техникалық қасиеттерін анықтайды. Олар көміртекті жоғары сапалы конструкциялы болат маркалары - 08,10,15,20,25,30,35,40,45,50,55,58 және 60 , диаметрі 250 мм-ге дейін. Сонымен қатар калибрленген және арнайы өңделген барлық болат маркалары.

Химиялық құрам нормаларына байланысты стандарт басқа да жаймалау түрлеріне, жоғарыда көрсетілген болат маркасынан жасалған құймаларға, қақтамаларға, штапмптарға, сонымен қатар 05кп, 08кп, 08пс, 10кп, 10пс, 11кп, 15кп, 15пс, 18кп, 20кп и 20пс маркалы болаттар үшін де қолданылады.

Классификациясы .

Бастапқа екі цифрмен белгілену ( 08, 10,15 , 20 және т.с.с, 60 дейін) жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді. Цифрлардан кейінгі КП және ПС әріптері болаттың қайнатылған және орташа қалыптағы күйін анықтайды.

Бетінің сапасы :
1ГП
– ыстық тұнба (байқау )
2ГП – қысыммен ыстықтай өңдеуге арналған
3ГП – механикалық суық өңдеуге арналған

Механикалық қасиеттері:
М1 – қалыпталған күйде
М2 – күйіктеу немесе нормалаушы механикалық қасиеттері
М3 – қалыпталған механикалық қасиетті
ТО – күйдірілген, жоғары арылған

Қаттылық :

ТВ1 – термиялық өңдеусіз
ТВ2 – қалыпталған беріктік
ТВ3 – күйіктелген жаймалау

Төмен-қоспаланған және қоспаланған конструкциялық болат

Төмен-қоспаланған конструкциялық беріктігі жоғары ГОСТ 19281-89
Қоспаланған конструкциялық ГОСТ 4543–71
Рессорлы-серіппелі ГОСТ 14959-79
Коррозияға тұрақты, ыстыққа төзімді, ыстыққа берік ГОСТ 5632-72

Белгілеу.
Бастапқы екі цифрмен белгілену - жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді. Цифрлардан кейінгі әріп қоспалаушы элементтің бар екенін, ал әріптен кейінгі цифр құрамдағы қоспалаушы элементтің процентін көрсетеді (35Г2, 30Х2)
Егер қоспалаушы элемент құрамы 1,5% төмен болса, цифр көрсетілмейді (50Х, 15ХР).

Классификация.
Сәйкесті ГОСТ 4543-79:
Марка белгілеуінің соңындағы А әрпі болаттың жоғары сапалығын білдіреді. (15ХА, 20ХН3А)
Ш әрпі – ерекше жоғары сапалы

Беттің сапалық топтары :

1 – ыстық тұнба
2 – қысыммен ыстықтай өңдеуге арналған
3 – механикалық суық өңдеуге арналған

Материалдың күйіне байланысты :

Термиялық өңдеусіз
Термиялық өңделген – Т
Күйіктелген – Н

Көміртекті аспаптық ГОСТ 1435-74.

Белгілеу . У әрпі және цифр арқылы, жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді (У7, У10) . Цифрдан кейінгі А әрпі болаттың жоғары сапалығын көрсетеді (У8А) .

Қоспаланған аспаптық болат ГОСТ 5950-73.

Белгілеу. Бастапқы цифрлар жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді , егер ол 0 ,1% артса (9Х1, 9ХС) . Әріптен кейінгі цифр қоспалаушы элементті анықтайды, оның процентпен берілген орташа құрамын көрсетеді (Х12, 8Х3) .

Конструкциялық көтеріңкі және жоғары кесумен өңделген ГОСТ 1414-75.

Белгілеу. А әрпімен және цифрмен жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді (А12)

Подшипник ті ГОСТ 801-78.

Белгілеу. ШХ әріптерімен және цифрлармен ондық проценттік үлестегі хромның құрамын көрсетеді. Цифрдан кейінгі әріптер қосымша қоспалаушы элементтердің болуын көрсетеді. 9ШХ15СГ

Акция
x
Оставить заявку

Оставьте свой номер и мы с Вами свяжемся!




Деректерді сақтаймыз...