Скачать прайс-лист

График работ: 9:00 - 18:00

work-schedule

uz

Болат маркаларының қолданылу салалары

Көміртекті сапалы конструкциялық болаттың қолданылуы

08кп, 10

Суықтай штампталған және суықтай отырғызылған бөлшектер, түтіктер, аралық төсемдер, тіреулер, қалпақшалар. Цементтелетін және циандалатын бөлшектер, жоғары беріктікті талап етпейтін өзекшелер (төлкелер, білікшелер, тіректер, копирлер, тісшелі дөңгелектер, үйкелмелі дискілер)

15, 20

Аз күш түсуге есептелген бөлшектер (білікшелер, тісшелер, тіректер, копирлер, осьтер, тегершік). Жұмыс барысында көп қажалатын жұқа бөлшектер, тұтқыштар, ілмектер, траверстер, жапсырмалар, болттар, қысқыштар және басқалары.

30, 35

Шағын қысымға есептелген бөлшектер үшін (осьтер, шпиндельдер, жұлдызшалар, тягалар, траверстер, тұтқыштар, дискілер, біліктер).

40, 45

Жоғары беріктікті талап ететін бөлшектер (буынды біліктер, шатундар, бөліп тұратын біліктер, сермерлер, тісті дөңгелекшелер, шпилькалар, храповиктер, плунжерлер, шпиндельдер, үйкелмелі дискілер, осьтер, жалғастырғыштар, тісті білтелер, жаймаланған дестелер).

50, 55

Тісті дөңгелекшелер, жаймаланған дестелер, штоктар, құрсаулар, эксцентриктер, жеңілдетілген серіппелер мен рессорлар, т.б. Жоғары деңгейде шыңдалған күйде және қалыпты күйде қолданылады.

60

Жоғары беріктік пен иілгіштік қасиеттері бар бөлшектер. (жаймаланған дестелер, эксцентриктер, шпиндельдер, серіппелі сақиналар, тежегіштің серіппелері мен дискілері, амортизатор серіппелері). Шыңдалғаннан кейін және қалыпты күйге келтірілгеннен кейін (ірі бөлшектер үшін) қолданылады.

Төмен қоспаланған жұқа табақшалы және кең жолақты әмбебап болаттардың қолданылуы.

09Г2

Табақшадан жасалған дәнекерленген конструкциялы бөлшектер үшін. Кесу арқылы өңдеу қанағаттанарлық.

09Г2С

Температурасы -70 - +450°С қысымда жұмыс жасайтын бу қазандықтар, аппараттар мен ыдыстар үшін; химия және мұнай машина жасау өнеркәсібінде маңызды конструкцияларды дәнекерлеВагон жасауда табақшалы конструкцияларды дәнекерлеу үшін. Дәнекерлеу тігісінің жоғары сапалығын қамтамасыз етеді. Штамптау қанағаттанарлық.у үшін, кеме жасау өнеркәсібі үшін. Жеңіл дәнекерленеді. Кесу арқылы өңдеу қанағаттанарлық.

10ХСНД

Химиялық машина жасау өнеркәсібінде конструкцияларды дәнекерлеу үшін, кеме жасауда фасонды профильдер үшін, вагон құрастыру үшін.

15ХСНД

Вагон бөлшектері үшін, құрылыс свайлары үшін, кеме жасауда күрделі профильдер үшін. Жоғары сапалы коррозияға қарсылық қасиетімен ерекшеленеді.

15ГФ

Вагон жасауда табақшалы конструкцияларды дәнекерлеу үшін. Дәнекерлеу тігісінің жоғары сапалығын қамтамасыз етеді. Штамптау қанағаттанарлық.

Қоспаланған конструкциялы болаттың қолданылуы.

15Х

Поршень бөлшектері, поршень тістері, бөлгіш білікшелер, итергіштер, кардан крестовиналары, клапандар, көп үйкелетін шағын бөлшектер үшін. Цементтелуі жақсы.

20Х

Жұдырықшалы жалғастырғыштар, төлкелер, шпиндельдер, бағыттауыш қабықшалар, плунжерлер, оправкалар, копирлер, шлицелі біліктер және басқалары үшін.

40Х

Орта қысымда орташа жылдамдықпен жұмыс жасайтын бөлшектер үшін (тісшелі дөңгелекшелер, продшипниктердегі шпиндельдер мен біліктер, құрт тәрізді біліктер)

45Х, 50Х

Төмен қысымда орташа жылдамдықпен жұмыс жасайтын көлемді бөлшектер үшін (тісшелі дөңгелекшелер, шпиндельдер, подшипниктің біліктері, шлицелі және құрт тәрізді біліктер). Жоғары сапалы беріктік пен тұтқырлық.

38ХА

Орта қысымда орташа жылдамдықпен жұмыс жасайтын тісшелі дөңгелекшелер үшін.

45Г2, 50Г2

Аз қолданылатын көлемді бөлшектер үшін (шпиндельдер, біліктер, ауыр станоктардың тісшелі дөңгелектері.

18ХГТ

Жоғары қысымды жоғары жылдамдықта жұмыс жасайтын және соққыға берік бөлшектер үшін (тісшелі дөңгелектер, шпиндельдер, жұдырықты жалғастырғыштар, төлкелер және басқалары).

20ХГР

Жоғары жылдамдықта жұмыс жасайтын және соққыға берік ауыр жүктемелі бөлшектер үшін.

15ХФ

Цементеуге бейім және шыңдалған аса ірі емес бөлшектер үшін (тісшелі дөңгелектер, поршень тісі және басқа)

40ХС

Беріктігі жоғары ұсақ бөлшектер үшін.

40ХФА

Маңызды беріктігі жоғары шыңдалған бөлшектер үшін, тозу мүмкіндігі жоғары жағдайда жұмыс жасайтын орта және шағын көлемді бөлшектер үшін (тұтқыштар, итергіштер), ауыспалы күш әсеріне ұшырайтын дәнекерленген конструкциялар үшін.

35ХМ

Жоғары температурада жұмыс жасайтын біліктер, турбина бөлшектері мен нығайтқыштар үшін.

45ХН, 50ХН

Қолданылуы 40Х болаты тәрізді, бірақ үлкен өлшемді бөлшектер үшін.

Коррозияға төзімді болат пен құймалардың қолданылуы

20Х13, 08Х13, 12Х13, 25Х13Н2

Соққы күшіне ұшырайтын, жоғары дәрежелі иілгіш бөлшектер үшін; нашар агрессиялы ортада жұмыс жасайтын бөлшектер үшін.

30Х13, 40Х13, 08Х18Т1

Қаттылығы жоғары бөлшектер үшін; кесуге, өлшеуге арналған, хирургиялық құрал-саймандар, компрессордың клапанды пластиналары үшін және т.б. (08Х18Т1 болатында штамптау жақсы)

06ХН28МТ

Орта агрессиялы ортада жұмыс жасауға арналған дәнекерленген конструкциялар үшін (ыстық фосфор қышқылы, 10% -ке дейінгі күкірт қышқылы және басқалар)

14X17H2

Химия және авиация өнеркәсібіндегі әртүрлі бөлшектер үшін. Жоғары технологиялық қасиеттерге ие).

95Х18

Тозу мүмкіндігі жоғары жағдайда жұмыс жасайтын беріктігі жоғары бөлшектер үшін.

08X17T

Конструкцияларға арналған 12Х18Н10Т болатты алмастырушы ретінде ұсынылады, - 20 °С температурадан төмен емес жағдайда соққыға қарсылығы жоғары.

15X25T, 15Х28

08X17T болатына ұқсас, бірақ жоғары агрессиялы ортада, температурасы - 20 до 400°С (15Х28 - әйнекпен біріктіру үшін)

20Х13Н4Г9, 10Х14АГ15, 10Х14Г14НЗ

12X18H9, 17Х18Н9 болат орнына қолданылады, дәнекерленген конструкциялар үшін.

09Х15Н8Ю, 07X16H6

Беріктігі жоғары бұйымдар мен серпімді элементтер үшін, 09Х15Н8Ю болаты - сірке қышқылы мен тұзды ортада.

08X17H5M3

Күкірт қышқылды ортада жұмыс жасауға арналған бөлшектер үшін.

20X17H2

Нашар агрессиялы ортада уатылу мен соққы әсері бар беріктігі жоғары ауыр қолданыстағы бөлшектер үшін

10Х14Г14Н4Т

12Х18Н10Т болатын алмастырушы, нашар агрессиялы ортада және 196 °С-қа дейінгі температурада жұмыс жасайтын бөлшектер үшін.

12Х17Г9АН4, 15Х17АГ14 03Х16Н15МЗБ, 03X16H15M3

Атмосфералық жағдайларда жұмыс жасайтын бөлшектер үшін (12X18H9, 12Х18Н10Т болатын алмастырушы) Қайнаған фосфорлы, күкірт және 10 %-тік сірке суы қышқылында дәнекерленген конструкциялар үшін.

15Х18Н12С4ТЮ

Концентрленген азот қышқылының ауа және агрессивті ортасында жұмыс жасайтын дәнекерленген бөлшектер үшін.

08X10H20T2

Теңіз суында жұмыс жасайтын магнитсіз болат бөлшектері үшін.

04X18H10, 03X18H11, 03X18H12, 08X18H10, 12X18H9, 12X18H12T, 08X18H12T, 06X18H11

Жоғары температуралы азот қышқылында жұмыс жасауға қолданылатын бөлшектер үшін.

12Х18Н10Т, 12Х18Н9Т, 06ХН28МДТ, 03ХН28МДТ

Әртүрлі өнеркәсіп салаларында дәнекерлеу конструкциялары үшін. Түрлі концентрациялы күкірт қышқылында 80 °С температурада жұмыс жасайтын дәнекерлеу конструкциялары үшін (55 %-тік сірке қышқылы мен фосфор қышқыланда қолдануға болмайды.)

09Х16Н4Б

Агрессиялы ортамен байланысты жағдайда қолданылатын беріктігі жоғары штампталған және дәнекерленген бөлшектер үшін.

07Х21Г7АН5

Орта агрессиялы ортада - 253 °С дейінгі температурада жұмыс жасайтын дәнекерлеу конструкциялары үшін.

03Х21Н21М4ГБ

Ыстық фосфор қышқылында жұмыс жасайтын дәнекерленген конструкциялар үшін, төмен концентрациялы температурасы 80 °С-тан аспайтын күкірт қышқылы үшін, температурасы 95°С-қа дейінгі азот қышқылы үшін.

ХН65МВ

Жоғары температуралы күкірт және тұз қышқылдары ерітінділерінде, сірке қышқылында жұмыс жасайтын дәнекерленген конструкциялар үшін.

Н70МФ

Жоғары температуралы тұз, сірке, фосфор қышқылдары мен басқа да қалыпқа келтіру қасиеттері бар ортада жұмыс жасайтын дәнекерленген конструкциялар үшін.

Қоспаланбаған құрал-саймандық әртүрлі маркалы болаттың қолданылуы

У7, У7А

Ағаш өңдеу үшін: балта, отын балтасы, қашау Кіші өлшемді пневматикалық құралдар үшін: шапқы, қысқаш, тоқпақ Ұста қалыптары үшін. Ине сымдары үшін. Слесарлық-монтаждық құралдар үшін: балта, кувалда, бұрағыш, қысқаш түрлері, атауыз, қысқыш және т.б.

У8, У8А, У8Г, У8ГА, У9, У9А

Кескіш жиектері қызуға төзімді құрал-саймандар жасау үшін. Ағаш өңдеу үшін: фрез, үңгі, балта, қашау, көлденең және дискілі ара түрлері. Дөңгелектенген роликтер, плиталар, қысыммен құйылатын қалайы және қорғасын қоспаларына арналған қалыптардың өзекшелер үшін. Слесерлық-монтаждық құралдар үшін: шегендеу қысқаштары, кернерлер, тескіштер, бұрағыштар, әртүрлі атауыздар, қысқыштар. Қарапайым формалы және төменгі класты дәлдіктегі калибрлер үшін. Қалыңдығы 2,5-0,02 мм термиялық өңделген салқын жаймаланған лента үшін, жайпақ және есілген серіппелер мен күрделі конструкциялы серіппелі бөлшектер дайындау, клапандар, қуыс бұрғылар, қосарлы пышақтар, ұсақ конструкциялық бөлшектер, сағат бөлшектері, т.б.

У10А, У12А

Болат өзекшелер үшін.

У10, У10А

Ине сымдары үшін

У10, У10А, У11, У11А

Кескіш жиектері қызбайтын жағдайда жұмыс жасауға арналған құрал-саймандар дайындау үшін. Ағаш өңдеу үшін: қол аралары мен столярлық аралар, машиналы столярлық аралар, спираль бұрғылар. Шағын өлшемді штапмтар үшін (сорылған, орнатылған, кесілген, қиылған) Қарапайым формалы және төменгі класты дәлдіктегі калибрлер үшін Дөңгелектенген роликтер, кескіштер, слесерлық шаберлер және т.б. үшін. Егеулер, қырғыштар үшін. Қалыңдығы 2,5-0,02 мм термиялық өңделген салқын жаймаланған лента үшін, жайпақ және есілген серіппелер мен күрделі конструкциялы серіппелі бөлшектер дайындау, клапандар, қуыс бұрғылар, қосарлы пышақтар, ұсақ конструкциялық бөлшектер, сағат бөлшектері, т.б.

У12, У12А

Слесарлық таңбалаушылар, егеулер, қырғыштар үшін Суық штампталған шағын көлемді кесілген және қиылған қалыптар үшін, суықтай орнатылған пуанстар үшін, қарапайым формалы және және төменгі класты дәлдіктегі калибрлер үшін.

У13, У13А

Қалыпты және шектеулі қысымға арналған қолданыс мерзімі төмен құрал-саймандар үшін, кескіштер, бритва лезвиесі мен пышақтар, өткір хирургиялық саймандар, шаберлер, гравиралық саймандар.

Рессоралы-серіппелі болаттың қолданылуы

60С2, 60С2А

Қалыңдығы 3-16 мм жолақты болаттын жасалған рессорлар үшін қалыңдығы 0,08-3 мм жолақ лентадан жасалған серіппелер үшін, диаметрі 3-16 мм сымнан жасалған есілген серіппелер үшін. Кесу арқылы өңделуі нашар. Максимал қолданыс температурасы 250 °С.

70СЗА

Маңызды жағдайда қолданылатын ауыр күш әсеріне арналған серіппелер үшін. Болат графитацияға бейім.

50ХГ, 50ХГА

Ені 3 – 18 мм болат жолақтан жасалған рессора үшін. Кесу арқылы өңделуі нашар.

50ХФА, 50ХГФА

Жоғары температуралы жағдайда (300 °С дейін) жұмыс жасайтын маңызды серіппелер мен рессорлар үшін, өзгермелі ауырлыққа төзімді серіппелер үшін.

60C2XA

Көлемді ауыр салмаққа арналған серіппелер мен маңызды қолданыстағы рессорлар үшін.

60C2H2A, 65C2BA

Калибрленген болаттан және серіппелі лентадан жасалған көлемді ауыр салмаққа арналған серіппелер мен маңызды қолданыстағы рессорлар үшін.

Электротехникалық жұқа табақшалы болаттың қолданылуы.и

1211,1212, 1213, 22110

Тұрақты токтың электр машиналарының якорьлері мен полюстері үшін, қуаты 100 кВт-тан аспайтын асинхронды двигательдердің роторлары мен статорлары үшін, приборлардың магнитті сымдары үшін. Иілгіштігі жоғары.

1311, 1312

Қуаты 100 – 400 кВт-қа дейінгі асинхронды двигательдердің роторлары мен статорлары үшін.

1411,1412, 2411

Қуаты 400 – 1000 кВт-қа дейінгі асинхронды двигательдердің роторлары мен статорлары үшін, аз қуатты трансформаторлар үшін, жоғары жиілікте жұмыс жасайтын двигательдер үшін. Иілгіштігі қанағаттанарлық.

Акция
x
Оставить заявку

Оставьте свой номер и мы с Вами свяжемся!




Деректерді сақтаймыз...