Скачать прайс-лист

График работ: 9:00 - 18:00

work-schedule

uz

Мырышталған табақша

Мырышталған жұқа табақшалы болат (ГОСТ 14918-80)

 

Бұл стандарт салқын жаймаланған табақшалы және орамды, үздіксіз мырыштау агрегатында ыстық тәсілмен мырышталған, салқын профильдеуге арналған, бояуға, бөлшектерді, ыдыстар мен металл бұйымдарды қалыптауға арналған болат үшін қолданылады.

Осы стандартпен бекітілген техникалық деңгей көрсеткіштері жоғарғы және бірінші категориялы сапаға сәйкес келеді.

Бөлімдері :

  • қолдануға байланысты топтар
    • салқын қалыптау үшін - ХШ,
    • салқтын профильдеу үшін - ХП,
    • бояуға - ПК,
    • жалпы қолданыс үшін - ОН;
  • сорылу мүмкіндігіне қарай (ХШ болат тобы) категориялар :
    • қалыпты сорылатын - Н,
    • терең сорылатын - Г,
    • аса терең сорылатын - ВГ;
  • мырышталған бетінің тегістігіне қарай :
    • қалыпты түрлі-қалыңдықтағы - HP,
    • азайтылған түрлі-қалыңдықтағы - УР.

Тұтынушының келісімі бойынша жасалатын мырышталған болат түрлері :
кристаллды өрнекті - КР
кристаллды өрнексіз - МТ.

Мырышталған болат қабатының қалыңдығына байланысты 3 класқа бөлінеді

Қалыңдық класы

2 қабаттың массасы, екі жақты жағылған, г

Қабат қалыңдығы , мкм

П ( көтеріңкі )

570 -тен 855 -ге дейін, қоса алғанда

40 - 60 қоса

1

258 -ден 570 -ке дейін, қоса алғанда

18 - 40 қоса

2

142,5 -ден 258 -ге дейін, қоса алғанда

10 - 18 қоса

Мырышталған болатты ені 710 мм-ден 1800 мм қоса алғанда, қалыңдығы 0,5 мм-ден 2,5 мм қоса алғанда өлшеммен көміртекті салқын жаймаланған орамды болаттан жасайды. Мырыштау үшін Ц0 және Ц1 маркалы мырышқа алюминий, қорғасын және басқа да металлдар қосылған қоспаны қолданады. Қорғасынмен қоспаланған Ц2 маркалы мырышты да қолдануға болады. Бетінің коррозияға төзімділігін арттыру үшін консервациялау: пассивтеу, майлау жасалады. Тұтынушы талабына сай консервациялауды жасамауға да болады

Шартты белгілеу мысалдары:

  • Мырышталған орамды болат, қалыңдығы 1,2 мм , ені 1000 мм , жоғары дәлдіктегі жаймалау – А;
  • кесілген жиекті - О,
  • 08кп маркалы , аса терең сорытылған - ВГ,
  • Кристаллды өрнексіз - МТ,
  • Азайтылған түрлі-қалыңдықтағы - УР,

Екінші класты қапталған ГОСТ 14918-80:        ОЦ   А - О - 1,2х1000 ГОСТ 19904-74        08кп ВГ - МТ - УР - 2 ГОСТ 14918-80

Акция
x
Оставить заявку

Оставьте свой номер и мы с Вами свяжемся!




Деректерді сақтаймыз...