Скачать прайс-лист

График работ: 9:00 - 18:00

work-schedule

uz

Су және газ құбырлары

Су-газ өткізетін болат құбырлар (ГОСТ 3262-75)

 

Бұл топқа су және газ өткізетін, жылу жүйелері мен конструкция бөлшектері үшін қолданылатын мырышталған және мырышталмаған дәнекерлі болат құбырлар жатады. Құбырлар ұзындығы бойынша 4 м-ден 12 м-ге дейінгі өлшеммен жасалады:
а) бірқалыпты немесе еселі бірқалыпты ұзындықта, әр кесілу жиегіне 5 мм қалдыра отырып, барлық ұзындығы бойына 10 мм қоса алынған;
б) қалыпсыз ұзындықта

Тұтынушы мен дайындаушының өзара келісімі бойынша барлық партияның 5% -ін 1,5 м-ден 4 м аралығындағы ұзындықта жасауға мүмкіндік болады.

 

Кесілу әдістерін ескере отырып, құбырдың ұзындығын бойлай ішкі диаметрді 10% дейін кішірейтуге болады. 1 м құбырдың массасы есептеу кезінде болаттың тығыздығын 7,85 г/см-ге тең етіп алады. Мырышталған құбырлар мырышталмаған құбырға қарағанда 3%-ке ауырлау.

 

Ескерту:
Қабырға қалыңдығына сәйкесті шекті ауытқу үстемесі құбыр массасына сәйкесті шекті ауытқумен шектеледі. Қарапайым дәлдікпен жасалған құбырларды су, газ өткізетін құбырлар мен жылыту жүйелерінде пайдаланады.
Жоғары дәлдікпен жасалған құбырларды су және газ өткізетін конструкциялардың бөлшектері үшін қолданады.

 

Құбыр массасына байланысты шекті ауытқу +8%-тен аспау керек. Тұтынушының табалына сәйкесті массаға байланысты шекті ауытқу +7,5% - партия үшін; + 10% - жеке құбыр үшін.
1 м ұзындыққа сәйкесті құбырдың қисықтығы 2 мм - шартты өтуі 20 мм-ден аспаған жағдайда; 1,5 мм – шартты өтуі 20 мм-ден асқан жағдайда.

 

Шартты өтуі 6, 8,10,15 және 20 мм құбарлар тұтынушы талабы бойынша бухта күйінде оралады.

 

Шартты белгілеу мысалдары:

Қарапайым, мырышталмаған, қарапайым дәлдікпен дайындалған, қалыпсыз ұзындықты, шартты өтуі 20 мм, қабырға қалыңдығы 2,8 мм, бұрандасыз және муфтасыз құбырлар, 20x2,8 құбыры ГОСТ 3262-75.
муфталы М-20х2,8 құбыры ГОСТ 3262-75.
қалыпты ұзындықты, бұрандалы Р-20х2, 8-4000 құбыры ГОСТ 3262-75.

 

Құбырдың бұрандасына байланысты «құбыр» сөзіне тіркес, дөңгелету астына арналған болса Н әрпі шартты белгісі қойылады.

Құбыр ұзын бұрандалы болса «құбыр» сөзіне тіркес Д әрпі көрсетіледі.

Жоғары дәлдікте жасалған құбырлар үшін шартты өту өлшеміне тіркес П әрпі көрсетіледі.

Су және газ өткізетін құбарлардың параметрлері (ГОСТ 3262-75)

 

Шартты белгілер Сыртқы диаметр, мм Жеңіл Қарапайым Күшейтілген
wall thickness, mm weight of 1m, kg meters in a ton wall thickness, mm weight of 1m, kg meters in a ton wall thickness, mm weight of 1m, kg meters in a ton
6 10,2 1,8 0,37 2681,8 2,0 0,40 2472,5 2,5 0,47 2106,4
8 13,5 2,0 0,57 1763,0 2,2 0,61 1631,1 2,8 0,74 1353,4
10 17,0 2,0 0,74 1351,6 2,8 0,98 1019,8 2,8 0,98 1019,8
15 21,3 2,5 1,16 862,7 2,8 1,28 782,8 3,2 1,43 700,1
20 26,8 2,5 1,50 667,5 2,8 1,66 603,4 3,2 1,86 536,9
25 33,5 2,8 2,12 471,7 3,2 2,39 418,2 4,0 2,91 343,6
32 42,3 2,8 2,73 366,6 3,2 3,09 324,1 4,0 3,78 264,7
40 48,0 3,0 3,33 300,4 3,5 3,84 260,3 4,0 4,34 230,4
50 60,0 3,0 4,22 237,1 3,5 4,88 205,1 4,5 6,16 162,4
65 75,5 3,2 5,71 175,3 4,0 7,05 141,8 4,5 7,88 126,9
80 88,5 3,5 7,34 136,3 4,0 8,34 120,0 4,5 9,32 107,3
90 101,3 3,5 8,44 118,5 4,0 9,60 104,2 4,5 10,74 93,1
100 114,0 4,0 10,85 92,2 4,5 12,15 82,3 5,0 13,44 74,4
125 140,0 4,0 13,42 74,5 4,5 15,04 66,5 5,5 18,24 54,8
150 165,0 4,0 15,88 63,0 4,5 17,81 56,1 5,5 21,63 46,2

Акция
x
Оставить заявку

Оставьте свой номер и мы с Вами свяжемся!




Деректерді сақтаймыз...